«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамының алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметі бойынша бағаның көтерілетіні туралы хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2022 жылғы 11 мамырда сағат 15-00-де, Zoom қосымшасы арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 929 909 5538, кіру коды: 7JqSNG).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефоны: 8 7172 75 48 40, 8 701 616 35 31.»