ҚР ИДМ 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НҚА ӘЗІРЛЕУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

ҚР ИДМ 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НҚА ӘЗІРЛЕУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Министрлікте реттелетін салаларда заңнаманы жетілдіруге бағытталған 5 заң жобаларын және 77 заңға тәуелді актілерін әзірлеу көзделген 2018 жылға арналған нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспары бекітілді.

Нормативтік құқықтық актілер жобаларының әзірлену шамасына қарай, олардың жария талқылауы Министрліктің интернет-ресурсында және нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында қамтамасыз етілетін болады.