«Ангара» әуе компаниясы Красноярск-Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады

«Ангара» әуе компаниясы Красноярск-Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады

«Ангара» әуе компаниясы ресейдің Красноярск қаласынан Алматыға тұрақты рейсті ашты. Сібірдің қаласынан ұшып шығу әр бейсенбі және жексенбі күндері жүргізіледі. Алматыдан Красноярскке ұшақ жұма және дүйсенбі күндері сағат 00.10-де ұшатын болады. Ұшудың ұзақтығы 2 сағат 40 минутқа созылады. Әуе рейстері 75 жолаушыға арналған Aн-148-100 ұшағымен орындалады.