Қара теңіздің курортына тікелей рейстер қайта жанданды

Қара теңіздің курортына тікелей рейстер қайта жанданды

Қазақстан азаматтары мен туристерге қолайлы болу үшін «Georgian Airways» әуе компаниясы 2018 жылдың жаз айларында 22 маусым мен 1 қыркүйек күндері аралығында Батуми-Астана-Батуми бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандыратын болады.  Рейстер жұма сайын аптасына бір рет Embraer 190-100 әуе кемесімен орындалады деп жоспарланған. Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 шілдесінде Тбилиси –Алматы-Тбилиси бағытымен бір рейс ұшатын болады.

Қазіргі уақытта, Қазақстан мен Грузия арасындағы тұрақты рейстерді отандық әуе компаниялар орындап жүр. Мәселен, «Эйр Астана» әуе компаниясы  Алматы-Тбилиси бағытымен аптасына жиілігі 5 рет , Астана-Тбилиси аптасына жиілігі 3 рет ұшса, «SCAT» әуе компаниясы Ақтау-Тбилиси бағытымен аптасына 4 рет қатынайды.