Инфрақұрылымдық жобалар бойынша ақпарат
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әуежайларының 15-нің ұшу-қону жолағына (ҰҚЖ) және 12 терминалға реконструкция жүргізілді.
Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталды, ол Астана қаласының Орталық Азия аумағында өңірлік хаб ретінде дамуына мүмкіндік береді.
Терминал алаңы 47 000 шаршы метрді құрайды. Жаңа терминалдың өткізу қабілеті - жылына 5 млн. адам (қолданыстағы терминал –3,2 млн. адам), барлығы жылына 8,2 млн. жолаушы немесе 2525 жолаушы/сағат.
2017 жылы Алматы қаласы әуежайының қолданыстағы бір ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды. 2018 жылы Семей қаласы әуежайының ҰҚЖ реконструкциялау аяқталып, Қостанай әуежайының ҰҚЖ реконструкциялау басталады. 2020 жылға дейін барлық әуежайлардың инфрақұрылымын жаңарту аяқталады (Өскемен әуежайы).