«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлар саласындағы қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаудың болатындығын мәлімдейді.
Жария тыңдау 2021 жылдың 30 наурызда сағат 15-00-де,
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимаратында өткізіледі.
Жария тыңдауға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефоны: 8 7172 75-48-26, 8 775 348 65 91.