«Аэропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Аэропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 42 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта 2) тармақша алып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Тарифтік реттеу басқармасы осы бұйрықты «Аэропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға C. Томпиева