Әкімшілік айыппұл

2024 жылдың өткен кезеңінде КМ Азаматтық авиация комитеті жеке және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері қозғады. Негізгі бұзушылықтар: кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу, сондай-ақ әуе кемелерін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болды.
Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 587 560 теңгені құрады. Бүгінгі таңда әкімшілік айыппұл мемлекет кірісіне төленді.

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға қатысты шараларын қабылдады
Дата публикации
27 декабря 2024