«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 «Аэропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне 2024-2028 жылдарға тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Тарифтік реттеу басқармасы осы бұйрықты «Аэропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.