«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
8-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 9 «Аэоропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне 2022-2026 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Тарифтік реттеу басқармасы осы бұйрықты «Аэоропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.