2025 жылға қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындау туралы

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы          8-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 28 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қуаты аз табиғи монополия субъектілерінің тарифін индекстеу деңгейі 2025 жылға 5,5% деңгейінде айқындалсын.
  2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Тарифтік реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
30 октября 2024