Азаматтық авиация саласының кәсіптік біліктіліктері жөніндегі салалық кеңесті құру туралы хабарландыру

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 «Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) азаматтық авиация саласының кәсіптік біліктіліктері жөніндегі салалық кеңесті құру жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Осыған байланысты, Комитет 2023 жылғы 15-21 қыркүйек аралығында құжаттар тізбесіне сәйкес салалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатураларды (екі адамнан аспайтын) ұсынуды сұрайды:

- жазбаша өтініш (қоса беріледі);

- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат.

Кандидатураларды электрондық мекенжайға ұсыну қажет: s.tleulieva@miid.gov.kz

 

 

 

Өтініш
Дата публикации
18 сентября 2023