Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті "Павлодар Әуежайы" АҚ-мен, "Turkistan International Airport" ЖШС-мен, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы"АҚ-мен жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіҚазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінетарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерді қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді: 1. «Павлодар әуежайы» АҚ-ның:  әуе кеменің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;  авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуқызметтеріне. Жария тыңдаулар2021 жылдың 9 қарашада сағат 15-00-де,ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі. 2. «Turkistan International Airport»ЖШС-нің:  әуе кеменің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;  авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;  қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру қызметтеріне. Жария тыңдаулар2021 жылдың 9 қарашада сағат 16-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі. 3. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның:  2022-2026 жылдарға арналған әуе кеменің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету қызметіне. Жария тыңдаулар 2021 жылдың 10 қарашада сағат 15-00-де,ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Жоғарыда көрсетілген жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады. Байланыс телефондар: +77172 754826; +7 777 413 91 28.
Дата публикации
02 ноября 2021