ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін табиғи монополия субъектісіне қатысты ден қою шараларын қабылдады. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Әлия Молдағулова Халықаралық әуежайы» АҚ-на қатысты «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 16) тармақшасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 164-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, оған сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті. Осыған байланысты, «Әлия Молдағулова Халықаралық әуежайы» АҚ1 754 238,18 теңге көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Бүгінгі таңда «Әлия Молдағулова Халықаралық әуежайы» АҚ өз еркімен мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлды төледі.

Дата публикации
27 октября 2021