«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерді қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді: 1. «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ-ның: - Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - «Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру; - халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімін қарау барысында жария тыңдаудың болатындығын мәлімдейді. Жария тыңдау 2021 жылдың 18 қазанда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Байланыс телефондар: +7 7172 75 48 26; +7 777 413 91 28. 2. «Turkistan International Airport» ЖШС-ның «халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру» қызметтеріне тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімді қарау барысында жария тыңдаудың болатындығын мәлімдейді. Жария тыңдау 2021 жылдың 18 қазанда сағат 16-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Жоғарыда көрсетілген жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады. Байланыс телефондар: +7 7172 75 48 26; +7 777 413 91 28.

Дата публикации
13 октября 2021