Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2021-2026 жылдарға арналған «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-ның «Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету» қызметіне тариф және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімін қарау барысында жария тыңдаудың болатындығын мәлімдейді. Жария тыңдау 2021 жылдың 17 қыркуйекте сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Жария тыңдауға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады. Байланыс телефоны: 8 7172 754826.
Дата публикации
12 августа 2021