Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу туралы хабарландырулар

Мемлекеттік органдарға

(тізім бойынша)

 

 

«Ақпараттандыру туралы» Заңның 9-бабы 14) тармақшасына және 10-бабы 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (бұдан әрі – МОИРБП) интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты Агенттіктің интернет-ресурсы МОИРБП-ға ауыстырылды, ол https://gov.egov.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан.

Одан басқа, Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Агенттік «Бос лауазымдар» жаңа бөлімінің макетін әзірледі. Жоғарыда көрсетілген бөлімде мемлекеттік қызметке үміткерлерге қолайлы форматта өзіне лайықты бос лауазым таңдауға мүмкіндік беретін іздеу жүйесі қарастырылған.

Осыған байланысты, а.ж. 27 ақпаннан бастап мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу туралы хабарландырулар мемлекеттік органдар МОИРБП-ға дербес енгізеді, Агенттік жоғарыда аталған «Бос лауазымдар» бөлімінің модераторы болып табылады. Осы бөлімді толтыру жөніндегі нұсқаулықты https://manager-beta.egov.kz сайтынан жүктеуге болады. МОИРБП-тың «Бос лауазымдар» бөлімімен жұмыс жасау үшін логиндер мен парольдерді «Ұлттық ақпарат технологиялар» АҚ-дан келесі телефон номірлері 8 (7172) 70-20-00 (ішкі: 3945 немесе 3035) алуға болады.

«Бос лауазымдар» бөлім жұмысы бойынша кеңес алу үшін Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаментіне келесі телефон нөмірі бойынша 8 (7172) 75-34-27 хабарласуға болатының қосымша хабарлаймыз

 

 

Төрағаның орынбасары М. Дәуешов

Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу туралы хабарландырулар
Дата публикации
28 февраля 2020