Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы №537 бұйрығы бойынша құрылған конкурстық комиссия, Алматы облысы әкімі орынбасарының 05.03.2021 ж. №06-51/3485 және 11.03.2021 ж. 03-5-51/542 хаттарының негізінде келесі шешім қабылдады:
1. Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бойынша конкурс келесі бағыт бойынша өткізу: Талдықорған-Үшарал-Талдықорған.
2. Қағидалардың 16 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген авиамаршрутқа 2021 жылғы 29 наурызда конкурс өткізілсін және өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 12-26 наурыз аралығында жүзеге асырылады деп белгіленсін.