GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Басқарма туралы
Все материалы
20 октября 2026
Атырауда ардагерлер ұйымының жұмысы қорытындыланып, жаңа міндеттер белгіленді

Атырауда “Ұлттық құндылықтарды ұлықтау —ұрпақтар сабақтастығының берік діңгегі: ардагерлердің қоғамдағы рөлі және жаңа міндеттер” тақырыбында пленум өтті.

Жиынға қатысушылар ардагерлер ұйымының жұмысын қорытындылап, әлеуметтік қолдау шараларын және аға буынның жастар тәрбиесіндегі және ұлттық дәстүрлерді сақтаудағы рөлін талқылады.

Шараға Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, “Ардагерлер ұйымы”Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешев және өңірдегі ардагерлер ұйымы өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Болат Ақшолақов ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, олардың денсаулығын сақтау және лайықты өмір сүру жағдайын жасау бағытындағы жұмыстар мемлекеттің басты назарындағы міндеттердің бірі болып қала беретінін айтты.

— Сіздер өңір өнеркәсібін өркендетуге, ауыл шаруашылығын, білім беру, денсаулық сақтау ісін, өлке мәдениетін дамытуға өлшеусіз үлес қостыңыздар. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда, жастар тәрбиесінде және ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыруда ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі мен белсенді азаматтық ұстанымы ауадай қажет. Баршаңызға зор алғысымды айтамын және алда әлі талай жұмысты бірлесе атқарамыз деп сенемін, — деді Болат Ақшолақов.

Әбілғазы Құсайынов ардагерлер қозғалысының жұмысындағы басым бағыттарға тоқталды. Олардың қатарында аға буынға деген құрметті арттыру, кітап оқуды насихаттау, өмірлік тәжірибені жастарға өнеге ету және тарихи жадыны сақтау бар.

Атырау облысында 264 ардагерлер ұйымы бар, оларға 65 мыңнан астам адам мүше. Соңғы бес жылда тағы 18 салалық бірлестік құрылған.

Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешевтің сөзінше, егде жастағыларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Медициналық есепте 80 мың зейнеткер тұр, оның 49 мыңына үйден стационарлық көмек көрсетіледі, оның 11 мыңы — ардагер. Бұған қоса, дене шынықтыру сабақтары, мәдени іс-шаралар, психологиялық кеңестер мен құқықтық көмек ұйымдастырылады.

Пленум соңында “Ардагерлер ұйымы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің жобасын жүзеге асыруға елеулі еңбек сіңірген меценат Төкен Жұмағұловқа, Атырау облысының Құрметті азаматы Мәдина Ғабдусалимоваға, мемлекеттік қызмет ардагері Ғаббас Хисметуллинге және облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы “Әжелер алқасы”аналар кеңесінің төрағасы Күнсұлу Сұлтановаға “Құрмет белгісі” төсбелгісі табысталды. Бірқатар ардагер республикалық бірлестіктің “Құрмет грамотасы” мен Атырау облысы әкімінің алғысхатына ие болды.

Сайлау
13 октября 2026
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті

В рамках кампании по подготовке и проведению внеочередных выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан, назначенных на 29 ноября 2026 года, состоялось первое заседание Атырауской областной территориальной избирательной комиссии.

Заседание открыла председатель комиссии Асия Кистаубаева, которая отметила важность предстоящей избирательной кампании. Она отметил, что одной из главных задач является организация избирательного процесса в соответствии с требованиями действующего законодательства, обеспечение прав избирателей и соблюдение прозрачности и законности избирательной кампании.

В соответствии с повесткой дня на заседании были рассмотрены следующие вопросы:

  1. Об утверждении календарного плана основных мероприятий по подготовке и проведению внеочередных выборов депутатов Атырауского областного маслихата, назначенных на 29 ноября 2026 года;

2.Об утверждении графика работы окружных избирательных комиссий.

По вопросам повестки дня были обсуждены основные задачи, касающиеся организации избирательной кампании, определены приоритетные направления работы на предстоящий период. Согласно утвержденному календарному плану срок выдвижения кандидатов в депутаты маслихатов начинается 14 октября и заканчивается в 18:00 часов 27 октября. Срок регистрации кандидатов истекает 1 ноября в 18:00. Период предвыборной агитации начинается после 18:00 часов 1 ноября и заканчивается в 00:00 часов 28 ноября. Дата голосования 29 ноября.

            Согласно второму вопросу повестки дня, принятым постановлением утвержден график работы окружных избирательных комиссий Атырауской области, начало работы установлено в 09 часов 00 минут, без перерыва на обед, окончание работы в 18 часов 00 минут.

13 октября 2026
Атырауда 23 елден келген 200-ден астам шахматшы бас қосты

Атырау қаласында жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын “Atyrau Open 2026” халықаралық шахмат турнирі басталды. Жарыста 23 елден келген 200-ден астам шахматшы бақ сынасады. Халықаралық турнирді Атырау облысының әкімдігі, Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды.

Шахмат бәсекесінің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысты. Ол қатысушыларды құттықтап, халықаралық жарыстар елдердің бір-бірімен байланысын бекем ететінін атап өтті.

— Бұл — біздің өңір үшін үлкен мәртебе әрі спорттағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды оқиға. Мұндай жарыстар спортшыларды кәсіби жағынан шыңдап қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Турнирдің жоғары деңгейде өтіп, шахмат жанкүйерлеріне тартысты партиялар сыйлайтынына сенімдімін. Қатысушыларға сәттілік, әдемі комбинациялар мен жарқын жеңістер тілеймін! — деді Болат Ақшолақов.

Шахмат тақтасында Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Қытай, Иран, Вьетнам, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Швеция, Түркия және басқа да елден келген сайыскерлер кездеседі. Турнир Masters және Open санаттары бойынша өтеді.

 Masters санатында FIDE рейтингі 2600-ден жоғары шахматшылар бақ сынайды, бұл санаттың жүлде қоры —90 мың доллар. Open санаты бойынша бәсекелер рейтингі 2600-ге дейінгі қатысушылар арасында болады, жүлде қоры — 10 мың АҚШ доллары.

Ойындар 12–20 қазан аралығында өтеді.

Партиялар FIDE халықаралық рейтингі ескеріле отырып, швейцариялық жүйемен тоғыз тур бойынша өтеді. Әр партияға 90 минут беріледі, әр жүріске 30 

секунд қосылады. Айта кетейік, бұл — классикалық шахматтан Қазақстан Кубогы сериясының үшінші кезеңі.  Алғашқы кезең —  “Aktobe Open 2026” турнирі маусымда, екіншісі —“Oskemen Open 2026” — шілдеде өтті. Атыраудағы жарыс қорытындысы бойынша ең үздік шахматшылар мен Қазақстан Кубогы финалына қатысушылар анықталады.

Фестиваль бағдарламасында негізгі партиялардан бөлек, 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы блиц-турнир, жаттықтырушылар мен шахмат мұғалімдеріне арналған семинар, Ғ. А. Айдаралиев атындағы шахмат кабинетінің ашылуы, гроссмейстерлердің қатысуымен бір уақытта өтетін ойын сеансы бар.

13 октября 2026
Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі басталды

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі салтанатты түрде ашылды. Оған Қазақстанның, Қырғызстан мен Қарақалпақстанның 11 театры қатысады. Сахна саңлақтары бес күн бойы қазақтың көрнекті жазушы-драматургының шығармашылық мұрасын паш ететін қойылымдарды көрермен назарына ұсынбақ. 

Салтанатты рәсім Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өтті. Театр тойына Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Театр өнері басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекова, Рахымжан Отарбаев атындағы “Руханият” қорының төрайымы, драматургтің жары Сәуле Отарбаева қатысты.

Фестивальдің құрметті қонақтары сапында белгілі театр және кино қайраткерлері, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешева, Қазақстанның халық әртісі Бақтияр Қожа, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Еркебұлан Дайыров, Нұрнияз Мұқанов және Асхат Маемиров, Қазақстанның халық әртісі Дулыға Ақмолда, режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің кавалері Нұрлан Жұманиязов, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі – актер әрі режиссер Бусурман Одуракаевтар бар. 

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Болат Ақшолақов сөз сөйлеп, Рахымжан Отарбаевтың мұрасы қазақ әдебиеті мен драматургиясында айрықша  орын алатынын атап өтті.

— Рахымжан Отарбаев – Атырау топырағынан түлеп ұшқан қаламгер ғана емес, қазақ әдебиеті мен драматургиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, барша қазаққа ортақ суреткер.                            Қаламгер атындағы халықаралық фестивальдің туған жерінде өтуінің мәні ерекше.
Атыраудың театр өнерінде қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар. Бұл өңірде сахна өнеріне құрмет те, талғампаз көрермен де бар. Өйткені театрдың дамуы – бір ғана өнер саласының жетістігі емес, қоғамның мәдени деңгейінің де көрсеткіші. 

Өнері өркендеген ортада ой еркіндігі, рухани ізденіс пен шығармашылыққа деген құрмет орнығады.
Бүгінгі фестиваль осы дәстүрді жалғастырып, Атыраудың мәдени кеңістігін жаңа шығармашылық байланыстармен толықтырады деп сенемін,— деді өңір басшысы. 

Фестивальдің басты мақсаты — Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу, ұлттық театр өнерін дамыту және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайту. Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі Темірбек Мұхтаровтың айтуынша, фестиваль режиссерлер мен актерлерге, суретшілер мен шығармашылық интеллигенция өкілдеріне  кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаң болмақ. Қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өздерінің сахналық шешімін ұсынып, көрерменді драматургтің шығармаларындағы  пайымдармен таныстырады.

Фестиваль аясындағы спектакльдер 12-16 қазан аралығында Махамбет атындағы театрда және Атырау жастар театрында өтеді. Қойылымдарды отандық және шетелдік театр өнерінің мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалап, үздік шығармашылық жұмыстарды анықтайды.

13 октября 2026
Атырау зауыты 1 000-ыншы жартылай вагонды жасап шығарды

Атыраудағы вагон жасау зауытында мыңыншы жартылай вагон жасап шығарылды. Айтулы оқиға Машина жасаушылар күніне орайластырылып, вагон өндірістік цехтан салтанатты түрде шығарылды.
Іс-шараға Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысты. Аймақ басшысының сөзінше, өңірде мұнай-газ саласымен қатар машина жасау бағыты да дамып, заманауи өндіріс орындары құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

—Атырау вагон жасау зауыты  — осы жұмыстардың жарқын үлгісі. Кәсіпорын сериялық өндірісті жолға қойып, өнім түрлерін көбейтіп, сыртқы нарыққа шығып жатыр. Моңғолиямен арада вагон жеткізу туралы келісім бар.  Бұл біздің отандық өнімге сұраныс бар екенін көрсетеді. Зауытта және компаниялар тобының сабақтас кәсіпорындарында 1 400 адам еңбек етеді. Бұл көрсеткіштің артында осынша отбасының әл-ауқаты, жастарға берілген мүмкіндіктер мен облыс экономикасының нығаюы тұр. Зауыт төңірегінде вагондар жасап шығару, сынақтан өткізу және жөндеу бағыттарын біріктіретін өндірістік кластердің қалыптасып келе жатқаны да өте маңызды. Бұл өндірісті одан әрі локализациялауға және инженерлік әлеуетті дамытуға негіз болады. Атырау облысының дамуына үлес қосып жатқан кәсіпорын басшылығына, инженерлерге және зауыттықтарға ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын, – деді Болат Ақшолақов.

Атырау вагон жасау зауыты  — Орталық Азияда жүк вагондарын жасап шығаратын жаңадан салынған толық циклды алғашқы кәсіпорын. Жартылай вагондарға салынатын дайындаушы зауыттың таңбасы мен ЕАЭО сертификаттары 2024 жылғы желтоқсанда алынды. Кәсіпорын қысқа уақыт ішінде сериялық өнім  шығаруды жолға қойды. Бүгінде өндірістік желіде жартылай вагондар, жабық вагондар, хоппер вагондары, сұйытылған газ пен мұнай өнімдерін тасымалдайтын цистерналар бар. Зауыттың қуаттылығы — жылына 6-8 мың вагон. 2026 жылдың аяғына дейін 500 қызметкерді жұмысқа қабылдап, оқыту көзделген. Болашақта жұмысшылар саны 3 500 адамнан аспақ, ал инвестициялық цикл аяқталғасын өндірісті локализациялау деңгейі 96%-ға жетеді деген жоспар бар.

Зауыт келесі жылы модельдер қатарын кеңейтіп, күкірт қышқылы мен өсімдік майларын тасымалдауға арналған цистерналар, 80 футтық фитинг платформалар жасап шығаруды қолға алмақ. Бұған қоса, жүк вагондарына арналған штампталған және дәнекерленген арбаның зауыттың өз нұсқасымен жасалған моделі сынақтан өткізіліп жатыр.

Атырауда индустриялық кластерді дамыту аясында биылғы шілдеде тәуелсіз ғылыми-зерттеу сынақ орталығы ашылды. Ол теміржолдың жылжымалы құрамы мен оның тораптарын  Қазақстанда сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.  “Texol Steel” ЖШС құйма зауытының құрылысы да өңірде өнеркәсіптік кластердің дамуындағы маңызды қадам болды. Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жоба барысымен танысып, бастамаға қолдау білдірді.

Өндірісті дамыту және өнеркәсіп инфрақұрылымын кеңейту Атырау облысында жылжымалы құрамды дайындау, сынақтан өткізу және жөндеу бағыттарын қамтитын біртұтас теміржол кластерін қалыптастырады.

08 октября 2026
Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Құрманғазы ауданының әкімі болып Нұрсұлтан Бисембиев тағайындалды.

Өңір басшысы аудан активімен кездесуде бұған дейін осы қызметті атқарып келген Абат Жанғалиевке  Құрманғазы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Нұрсұлтан Бисембиев “есепші-аудитор” және “экономист” мамандықтары бойынша білім алған. 

2013-2017 жылдар аралығында Атырау облыстық тексеру комиссиясында оператордан бас инспектор-бақылаушыға дейінгі түрлі лауазымда еңбек етті.

2017 жылғы мамырда Атырау облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалып, 2017 жылғы қазаннан бастап өңірдің қаржы басқармасын басқарды.

2019 жылғы қарашадан 2022 жылғы тамызға дейін Қызылқоға ауданының әкімі қызметін атқарды.

2022–2024 жылдары Атырау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2024 жылғы 31 мамырдан бастап Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болды.

Аймақ әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің ісіне сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндет жүктеді. Олардың қатарында халықты жұмыспен қамту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жылу беру науқанына дайындық, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту мәселелері бар.

Облыс басшысы бұл міндеттерді аудан халқымен және аудандық мәслихат депутаттарымен тығыз қарым-қатынаста іске асыруды тапсырды.

07 октября 2026
Атырауда волонтерлер 50 жеміс ағашының көшетін отырғызды

«Бұл менің ағашым». Еріктілер «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдап, «Біз таңдаған жол» жобасы аясында игі бастамаға атсалысты. Іс-шараға 40 қа жуық адам қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының аумағына 50 жеміс ағашының көшетін отырғызды. Сонымен қатар аумақты тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Экологиялық акцияны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ және «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

– Мақсатымыз – қоршаған ортаны көгалдандыру, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға шақыру. Жастардың мұндай бастамаларға белсенді қатысып жүргені қуантады. Әрбір отырғызылған көшет – табиғатқа деген жанашырлық пен туған жерге деген жауапкершіліктің көрінісі, – деді «Азаматтық орталық» КММ-нің бөлім басшысы Әсемгүл Асқарқызы.

Экологиялық бастама жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкені көркейтуге деген жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

06 октября 2026
Болат Ақшолақов Атырау облысының ұстаздарын Мұғалімдер күнімен құттықтады

Атырауда жыл сайын 5 қазанда аталып өтетін Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – білімнің шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі Болат Ақшолақов педагогтерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың еңбегіне, білім беру мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесіне алғыс айтты. –Ұстаздық – жай ғана қызмет емес, бұл – ұлы миссия. Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында, ал сол жас буын сіздер берген білім мен тәрбиенің арқасында қалыптасады. Әрине, бұл бағытта мектеп, ата-ана және қоғам болып бірлесіп жұмыс істегенде ғана жақсы нәтижеге жете алатынымызды есте ұстауымыз керек. Соңғы жылдары білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсартуға арналған ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі заман талабына сай жаңа «Келешек мектептер» салынып, ескі мектептер жөнделу үстінде. Мұның бәрі – оқушыларға сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатындағы шаралар. Президент Жолдауында мұғалімдерге жаңа талаптарға сай біліктілік арттыру, жаңа оқыту әдістемелерін меңгеру сияқты маңызды тапсырмалар берілді.

Бұл – қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруге бағытталған қадам және ол ұрпақ болашағына тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Мереке құтты болсын! Ұстаз — шәкіртімен биік. Талапты, білімді, ойлы оқушылар көп болып, еліміз гүлдене берсін! – деді облыс әкімі.

Президент Жарлығымен бірқатар педагог білім саласын дамытуға қосқан үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Құрылыс
03 октября 2026
Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Исатай ауданының Томан ауылында 80 орындық балабақша қараша айында пайдалануға беріледі. Қазір нысанның құрылысы толық аяқталып, мектепке дейінгі ұйымды ашуға қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аумағы 2 209,2 шаршы метр болатын балабақша төрт топқа есептелген. Ғимаратта балаларға арналған топтық бөлмелермен қатар, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қажетті кабинеттер мен қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Томан ауылында бұған дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымы болмаған. Жаңа балабақшаның ашылуы ауыл балаларының мектепке дейінгі білімді өз елді мекенінде алуына жағдай жасайды.

– Балабақша салу ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі болды. Нысан ашылғаннан кейін балалар өз ауылында мектепке дейінгі білім алады. Бұл – Томан тұрғындары көптен күткен маңызды әлеуметтік нысан, – деді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Ақмарал Өтебаева.

Балабақша іске қосылғаннан кейін мұнда 15-ке жуық адам, оның ішінде тәрбиешілер, педагогтер және өзге де қызметкерлер жұмыс істейді.

Құрылыс жұмыстары Атырау облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілді. Мердігер ұйым – «Гранд Мастер» ЖШС.

02 октября 2026
Канат Бозымбаев Атырауға келді: «Инфрақұрылым мәселелерін кейінге қалдырмай, уақытында шешу керек»

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберіндегі нысандарды аралап, кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту, сүзгілеу станциясын салу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ ол азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеріп, «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы ауыл шаруашылығы нысанына да барды.

Ұлттық жоба шеңберінде Атырау қаласындағы жылу желілері жаңғыртылу үстінде. Желінің жалпы ұзындығы 409,2 шақырым болса, тозу деңгейі — 62,3%. Жобада тозу деңгейі 95%-ға жеткен, ұзындығы 8 шақырымға жуық учаскені реконструкциялау көзделген. Нәтижесінде жылу шығынын 75%-ға азайту жоспарланып отыр. 2030 жылдың соңына дейін қалада 26,6 шақырым жаңа жылу желісін тарту жоспарланған. Бұл жұмыстар инженерлік желілердің жалпы физикалық тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Өңірде электр желілері де жаңартылып жатыр. «Атырау Жарық» ЖШС 110 кВ әуе желілерінің 114,6 шақырымын, 35 кВ желілердің 50,7 шақырымын және 6/10 кВ желілердің 238 шақырымын, сондай-ақ 46 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңартуды көздейтін 9 іс-шараны қолға алған. Бұдан бөлек, электр энергиясын автоматты есепке алатын 10,5 мыңнан астам құрал орнатылып, 16 қосалқы станцияда SCADA жүйесі енгізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылғы ақпанда басталмақ.

«Ұлттық жоба аясындағы қаржыландыру – қала инфрақұрылымын кешенді жаңартуға берілген мүмкіндік. Бұл ресурсты тиімді пайдаланып, алдағы уақытта қаланың инженерлік желілерінің орташа тозу деңгейін 45%-дан асырмау қажет», – деді Қанат Бозымбаев.

Алмалы ауылынан Еркінқала ауылына дейінгі учаскеде газ берудің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сағатына 120 мың текше метр газ өткізу қабілеті бар автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Жоба аясында Еркінқала ауылына дейін ұзындығы 21,7 шақырым жаңа магистральдық болат газ құбыры тартылып, 20 шақырым полиэтилен газ тарату құбыры салынды.

Сондай-ақ су бұру жүйесіне ерекше назар аударылды. Қанат Бозымбаев кәріз тазарту құрылыстарының жағдайымен және булану алаңдарын рекультивациялау барысымен танысты. Экологиялық тұрғыда күрделі нысанның бірі – сол жағалаудағы аумағы 1 336,2 гектарлық «Сасықсай» булану алаңы. 2023 жылы Tazalyq жобасы аясында оның қаладағы бөлігі рекультивацияланды. Зауыт аумағындағы бөлігінде жұмыстар жалғасып жатыр. Төрт сектордың екеуінде жұмыс аяқталған.

Қанат Бозымбаев «АМӨЗ» ЖШС-не технологиялық ағынды суларды басқарудың негізгі тетігін пысықтауды тапсырды. Бұл орайда су ресурстарына түсетін салмақты азайтып, булану алаңдарын одан әрі кеңейтуге жол бермеу қарастырылуы керегін айтты. Шешімдердің бірі ретінде суды қайта пайдаланудың заманауи технологияларын, оның ішінде Жайық өзенінен алынатын суды өндірістік айналымға қайта енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

«Мәселені кейінге қалдыра бермей, ұзақ мерзімге арналған технологиялық шешім табу қажет. Ағынды суларды тазарту мәселесін түбегейлі шешіп, дұрыс технологиялық сызбаны анықтау және қоршаған ортаның одан әрі ластануына жол берілмеуі шарт», – деді Қанат Бозымбаев.

Оң жағалаудағы кәріз тазарту құрылыстарының құрылыс дайындығы шамамен 85% деңгейінде. Жұмыстарды жыл аяғына дейін тәмамдау жоспарланған. Сонымен қатар «Квадрат» булану алаңын рекультивациялау жұмыстары жүріп жатыр. Жойылуы тиіс 1,7 млн текше метр лас тұнбаның 900 мың текше метрден астамы тазартылды. Алдағы уақытта тазартылған суды техникалық мақсаттарға және көгалдандыру жұмыстарына пайдалану жоспарланып отыр.

Технологиялық сызбаны қарау барысында ағынды суларды залалсыздандыру, қосымша тазарту және биологиялық тазарту технологияларына қатысты түзетуді қажет ететін мәселелер анықталды. Қанат Бозымбаев сала мамандарына енгізілуі тиіс өзгерістерді жан-жақты қарастырып, нақты шешімдер ұсынуды тапсырды.

Премьер-Министрдің орынбасары Атырау қаласының сумен жабдықтау жүйесінің жағдайымен де танысты. Су тазарту құрылыстарының жобалық қуаты тәулігіне 120 мың текше метр болса, нақты қуаты – 90 мың текше метр. Төрт сүзгілеу станциясының үшеуі жұмыс істеп тұр. 1968 жылы салынған №2 станция апатты жағдайда болуына байланысты 2024 жылдан бері пайдаланылмайды. Ал ең ескі №1 станция 1939 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Апатты нысандарды бұзып, тәулігіне 30 мың текше метр су өндіретін заманауи блок салу ұсынылып отыр.

Қанат Бозымбаев ауызсудың сапасы мен желілердің жай-күйін ескере отырып, су тазарту инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Жоспарлау кезінде коммуналдық инфрақұрылымды қаланың бас жоспарымен байланыстырып, тапшылық туындамай тұрып қажетті қуаттарды қалыптастыру жүктелді. Сондай-ақ шетелдік тәжірибені, оның ішінде Қытайда қолданылатын технологиялық шешімдерді зерделеу тапсырылды.

Су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайы да қаралды. «Табиғат» КМК ұзындығы шамамен 1 300 шақырымдық 21 арна мен Ералы гидроторабына қызмет көрсетеді. 2026 жылы қалыпқа келтіру жұмыстарына республикалық бюджеттен 399 млн теңге бөлінді. Қазір «Сборный», «Алға», «Маратши» және «Бақсай» арналарының жекелеген учаскелері тазартылды. Жыл аяғына дейін «Ақсай» және «Бағырлай» арналарын тазарту жоспарланған.

Қанат Бозымбаев ауыл шаруашылығының дамуы мен заманауи суару технологияларын енгізуді ескере отырып, арналарды қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспарын бейінді министрлікпен бірлесіп әзірлеп, бекітуді тапсырды.

«Арналарды қалпына келтіруді тек коммуналдық міндет ретінде қарастыруға болмайды. Бұл – ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізі. Мемлекеттік қолдау мен субсидиялар бар кезде өңірде ауыл шаруашылығы кластерін қалыптастыруға жағдай жасау қажет», – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Сапар барысында Премьер-Министрдің орынбасары Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің су-құтқару станциясының жұмысымен танысып, Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асырылып жатқан «Айдана Агро» жылыжай кешеніне барды.

Қанат Бозымбаев сапарды қортытындылап, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға коммуналдық инфрақұрылымның проблемалы нысандарына қатысты шешімдерді дер кезінде қабылдауды, жұмыстардың мерзімін созбауды және жаңғыртудың ұзақ мерзімді нәтижесіне басымдық беруді тапсырды.

Сондай-ақ инженерлік желілерді кешенді жаңартуға, тазарту құрылыстарының тиімділігіне, сумен жабдықтаудың сенімділігіне және өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударуды жүктеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы