АТЫРАУ ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА «JASTAR OTANGA-2019» 6 КҮНДІК ЛАГЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 АТЫРАУ ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА «JASTAR OTANGA-2019» 6 КҮНДІК ЛАГЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«JASTAR OTANGA-2019» атауымен Атырау облысының белсенді жастарының арасында ағымдағы жылдың 22-28 маусым аралығында 6 күндік лагері өтті.

Лагерьдің негізгі мақсаты - жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Лагерьге «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» жастар қозғалысы мүшелері Аслан Аманжолов және Юзликеев Михаил, сондай-ақ бір топ жастар қатысты. Лагерь барысында түрлі тренингтер, облыс әкімімен кездесу, брейн-ринг, кезекті FUN TIME пікірсайыс турнирі, әртүрлі стартап жобалары ұйымдастырылды.

Бұл ұйымдастырылған шаралар алдағы уақытта облыс көлемінде өз нәтижесін береді деп күтілуде. Сонымен қатар, лагерь қатысушылары Индер ауданының тұзды көл аймағы мен батыр Махамбет Өтемісұлы қаза тапқан Қараой жеріне экскурсия жасап қайтты.