Исатай ауданындағы дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Исатай ауданындағы дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Исатай ауданындағы дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеуден өтіп жатыр
 
Бұл туралы аудандық аурухана басшысының уақытша міндетін атқарушы Жеңісбек Абежанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Исатай ауданы тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы аясында Тұщықұдық және Қамысқала дәрігерлік амбулаторияларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Емдеу мекемелерін күрделі жөндеуден өткізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында былтыр ақпан айында конкурс жарияланып, “Иман” ЖШС жеңімпаз деп танылды. Жұмыстар маусым айында  басталған. Қазір екі нысанда да жұмыстар 80%-ға аяқталды.

- Қамысқала дәрігерлік амбулаториясы 1966 жылы пайдалануға берілген, жалпы көлемі 724,23 шаршы метр. Х.Ерғалиев ауылының орталығында орналасқан амбулаторияға 4 мыңнан астам адам тіркелген. Ал жалпы көлемі 604,10 шаршы метрді құрайтын Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясы 2001 жылы пайдалануға берілген. Тіркелген адам саны 5 мыңнан асады. Дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Осы жылдың ІV тоқсанында халық игілігіне беру жоспарланып отыр, деді Ж.Абежанов.

Оның айтуынша, осындай күрделі жөндеу жұмыстары Зинеден ауылдық фельдшерлік пунктінде де жақын уақытта басталмақ.