ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілген «Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан»  деп аталған жетінші бағыттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Қазақстан Президенті Батыс Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.