Индерде тас төсемдер мен полифасадтар өндіріле бастады

Индерде тас төсемдер мен полифасадтар өндіріле бастады

Индерде тас төсемдер мен полифасадтар өндіріле бастады

Инновациялық жобаны Индер ауданының кәсіпкері Бейбіт Амангелдин іске асырып жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тас төсемдер мен полифасад өндіру идеясы кәсіпкерге бірден келмеген. Ол 2011 жылы телекоммуникация саласында қызмет етіп жүргенде жеке кәсібін ашқан. Соңғы жылдары құрылыс саласы кәсіпкерді көбірек қызықтырады. Осы мақсатта өткен жылы Шымкент қаласына арнайы барып, цехтардың бірінде болып, өндіріс жұмысына қызушылық танытып, өз ауылында осындай бизнесті ұйымдастыруға шешім қабылдайды.

- Шымкенттегі өндірістік цехта өнімнің үлкен ассортиментін көрдім және оны бізде неге шығармасқа деп ойладым. Оқудан өттім, рецептурасын алдым. Келгеннен кейін мен өз аулымда аз мөлшерде өнім шығаруға тырыстым. Бұдан әрі бизнес-жоспар әзірлеп, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар конкурсында өз идеямды ұсынып, 5 миллионға жуық қайтарымсыз грант ұтып алдым, деді Б.Амангелді.

Қазіргі таңда 3 қызметкер еңбек етенін цехтан күніне 40 шаршы метр тас төсемдер мен полифасад шығарылуда. Кәсіпкердің сөзінше, алдағы уақытта жұмыс өнімін бұдан да арттырып, еліміздің басқа облыстарынан тапсырыс қабылдау жоспарда бар.