Баршаңызды исі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының келіп жетуімен құттықтаймын!
Руһани кемелдену және жақсылық жасаумен жарысу ниеттеріңіз қабыл болсын!
Он екі айдың сұлтаны елдің имандылығы мен бірлігін арттырып, бауырмалдық пен қайырымдылыққа жетелегей.
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, қасиетті айда тілеген тілектеріңіз орындалсын!
Өңіріміз өркендеп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов