Викторинаның қорытынды шарасы өтті

Викторинаның қорытынды шарасы өтті

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Атырау Мұнай және газ университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен Атырау қаласының №22 орта мектебінде дәстүрлі зияткерлік викторинаның қорытынды шарасы өтті. Қаламыздың №17 мектеп-лицейі мен №22 орта мектебінің оқушылары қатысқан шешуші сәтте екі топ сынға түсті.

Топ ойыншыларына ҚХА-ның, соның ішінде Атырау облысы бойынша ҚХА-ның қызметі туралы түсініктерін кеңейту, толеранттылықты, өзара сыйластықты және этносаралық келісімді нығайту мақсатында көптеген мазмұнды сұрақтар қойылып, білімдері байқалды.

Шараға дәстүрлі түрде облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қатысып, әділқазылық етті.

Нәтижесінде №17 мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі І орынды қанжығасына байлады.