Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері Гейдар Алиев атындағы халықаралық шәкіртақыға ие болды

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері Гейдар Алиев атындағы халықаралық шәкіртақыға ие болды

2019 жылдың 3 мамыр күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығының басшысымен кездесу өтті.

Соңғы жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығы және Атырау облысының Әзірбайжан диаспорасымен табысты қызмет етіп келеді. Бұған дәлел, университетте Әзірбайжан тарихы мен мәдениетін зерттеу орталығының ашылуы болып табылады. 2012 жылдан бастап жыл сайын университеттің 5 үздік студентіне Гейдар Алиев атындағы шәкіртақы беріледі.

Консул мырза Зейналов Эльхан Латифоглы өз сөзінде аталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, студенттерге шәкіртақы табыс етті:

1. Мухитов Байғазы Ақылбекұлы - инновациялық білім беру факультетінің 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті.

2. Канатова Айымгуль Амангелдіқызы - 5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті.

3. Мендигалиева Құндыз Аманкоскызы - 5В050400 – «Журналистика» мамандығының 3 курс студенті.

4. Ибраева Куралай Амангалиевна - 5В060700 «Биология» мамандығының 3 курс студенті.

5. Кулбаев Ильяс Серикулы - 5В050600 - Экономика факультетінің 5В050600 – «Экономика» мамандығының 3 курс студенті.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов биылғы жылы әзірбайжан халқының ұлы ақыны Имадеддин Насимидің қайтқанына 650 жыл толып отырғанын айтып, ақын туралы естеліктерге тоқталып өтті.

Университеттің ғалымдары Ұлы ақын-гуманист Имадеддин Насими туралы сөз сөйлеп, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Куркутова

Марта ақындық мұрасымен таныстырса, философия ғылымдарының кандидаты Кенжебаев Азамат ақынның философиялық толғаныстарына тоқталды.

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2 курс студенті Сараева Флора және «Экономика» мамандығының 3 курс студенті Эльтун Маммадзаде ақынның «В меня вместятся оба мира» шығармасын әзербайжан және орыс тілдерінде мәнерлеп оқып, шеберлікпен жеткізді.

Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығына және Атырау облысындағы Әзірбайжан диаспорасына өз ризашылығын мен құрметін білдірген университеттің ректоры Абзал Талтенов, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықтың жалғасын таба беретінін және осындай игі шаралар қатысып отырған студенттерге де танымдық ой саларын айтып, алғысын жеткізді.