Мәжіліс депутаттары Мамандандырылған ХҚКО-ға барды

Мәжіліс депутаттары Мамандандырылған ХҚКО-ға барды

Депутаттар орталыққа оң бағаларын беріп, халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Тарас Хитуов, Сергей Симонов, Абай Тасболатов, сондай-ақ Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, Нұр Отан партиясы Атырау облыстық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев келіп, орталықтың қазіргі жай-күйімен танысты.
Мәжіліс депутаттарын филиал директоры Мұса Хайруллиев қарсы алып, мұндағы емтихан тапсыру сыныбын, теориялық сынақ кезіндегі бақылау-басқару бөлмесін және қызмет көрсету залын аралатып, жан-жақты ақпарат берді.

Статистикаға тоқталсақ, өткен жылдың 14 желтоқсаны күні жұмысын бастаған орталық арқылы 26962 көлік тіркеліп, 8839 жүргізушіге куәліктер берілген айта кету керек.