
Биыл адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 74 жыл толды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақтар үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Ағымдағы жылдың 9 мамыр күні Атырау қаласының Жеңіс саябағында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға белсенді түрде атсалысты.
Шара барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.