Денсаулық – басты байлық!

Денсаулық – басты байлық!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Атырау облыстық филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне №1 қалалық емхана мамандарымен медициналық профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Шара 2016-2019жж «Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс шаралар» аясында ұйымдастырылған болатын. Профилактика кезінде артериялық қысымды өлшеу, қандағы холестерин, секер деңгейін, көз қысымын анықтау, бойы, салмағы, бел ауқымын өлшеу жұмыстары жүргізілді. Көз дәрігері көз қысымы жоғары деңгейде анықталған тұрғындарға кеңестер берді.

«Біздің жоспарлы мұндай жұмыстарымыз жұмысбасты болып, өз денсаулықтарына аса көңіл бөле бермейтін адамдар үшін аса маңызды» дейді емхананың бөлім меңгерушісі Маржан Джабасова.

Нәтижесінде 160-қа жуық мемлекеттік қызметті алушылар мен қызметкерлер тексерістен өтіп, олардың ішінде қанты көп – 21, холестерин шамада емес – 18, қан қысымы жоғары – 63, көз көруі нашар – 33, көзілдірік алуға жолдама алғандар - 21. Аталған шарада ауқымды ақпарттармен толыққан бетшелер таратылды.

«Денсаулық бағытында осы сала мамандарымен түрлі шаралар жүргізіліп келеді. Десек те осындай жұмыстардың жиі жүргізіліп тұрғаны қызметкерлер үшін де, халық үшін де аса маңызды» дейді ХҚКО департаменті қалалық №1 бөлімнің басшысы Асылбек Байденов.