МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлікті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) бірқатар өзгертулер енгізілді.

Яғни, Кодекс 169-1 «Тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезінде бәсекелестікті қорғау туралы талаптар» бабымен толықтырылды. Осы бапқа сәйкес, Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілері мен сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруіне, егер бұл әрекет бәсекелестікті болғызбауға, шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса, тыйым салынады делінген.

Бұл орайда, Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар болып:

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;

- мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;

- пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

- табиғи монополиялар субъектілері түсініледі.

Сонымен қатар, осы бапта Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар, электрондық нысанда өткізілетін сатып алуды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) уәкілетті ұйымдарға өткізілген сатып алу туралы ақпаратты беретін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, монополияға қарсы органға жыл сайынғы сатып алу жоспарын тиісті интернет-ресурста орналастыру жағдайын қоспағанда, оны бекітілген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей және өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша (нысан ҚР ҰЭМ 2018 жылғы 16 шілдедегі №250 бұйрығымен бекітілген) есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын беру талабы қарастырылған.

Сонымен қатар, монополияға қарсы органға тауарларды және сауда-саттықты ұйымдастырушылар өткізген сатып алулар туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.