Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының жаңа әкіміне жаңа міндеттер жүктеді

Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының жаңа әкіміне жаңа міндеттер жүктеді
«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына тағайындалған жаңа әкім Полымбет Хасановқа озық технологияларды енгізе отырып, асыл тұқымды мал басын көбейтуді, ​ сапалы, табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын заманауи жаңа жобаларды іске қосуды тапсырды» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
⠀
Облыс басшысы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту - аудан әкімдігінің қызметі бағаланатын негізгі индикатор екендігін еске салды.
⠀
«Тұрақты жұмыспен қамтуды басты назарда ұстау қажет. Соның ішінде,​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс, қолайлы орта қалыптастыру жағдайы ескерілуі тиіс. Ауданға инвестиция тарту керек. 2019, 2020 жылдары бұл бағытта бірде-бір жоба жоқ, 2021-2022 жылдарға 2 жоба ғана жоспарланған. Нақты ұсыныстар, жобалар қажет» деп атап өтті облыс әкімі ​ Махамбет Досмұхамбетов.
⠀
Сондай ақ, аймақ басшысы шағын және орта бизнесті дамытуды, каналдарды​ күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алуды тапсырды.
⠀
Облыс әкімі атап өткеніндей, республикалық және ауылішілік жол құрылыстары сапалы жүргізілуі керек.
⠀
Және​ жергілікті білім беру ұйымдарының жағдайы көңіл бөлуді​ ​ қажет етеді.
⠀
«Мәселен, Аққыстаудағы 784 орындық мектептің, Өркендегі 220 орындық мектептің, Ғибатолла Мәсәлімов атындағы 560 орындық мектептің бастауыш сыныптар ғимараты апатты жағдайда. Томан бастауыш мектебінде 54 бала білім алып, ауылдың қалған 48 баласы Атырау қаласында, көрші ауылдарда оқып жүр. Новобогат балалар саз мектебінің жеке ғимараты жоқ. Бұл мәселелер облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, шешілуі тиіс» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
⠀
Еске сала кетелік, бүгін Полымбет Максимұлы Хасанов Исатай ауданына ​ әкім болып тағайындалды.