Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Атырау облысы әкімдігінің қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы
- Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздеме:
«Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкестендіру.
- Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі , оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай– ақ қажет болған жағдайда-облыстық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп айырысулар, қаржыландыру көзіне сілтеме, облыстық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Осы қаулы жобасын қабылдау бюджеттен шығын әкелмейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
- Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері
Осы жобаны қабылдаудың мақсаты «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережесіне сәйкес келтіру болып табылады.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Мәліметтер жоқ.
- Қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.
Ол қабылданған жағдайда басқа нормативтік құқықтық актілерді жобаға сәйкес келтіру талап етіледі.
- Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
- Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Орналастырылған (22.04.2022 ж.).
- Тауарлар Саудасына, қызметтер көрсетуге немесе зияткерлік меншік құқығына қатысты жобаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат
Талап етілмейді.
- Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
- Әкімдік актісінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері
Талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерліктің аккредиттелген объективті субъектілерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
Талап етілмейді.