Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу бойынша Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының баспасөз-релизі

6 мамыр 2022 жыл                                                                           Атырау қаласы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы №888 «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымға республикалық референдум тағайындалды.

Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін                   1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы»                               ҚР Конституциялық Заңы айқындайды.

Конституциялық Заңның 20-бабына сәйкес референдумды әзірлеу мен өткізуді: референдумның орталық комиссиясының функцияларын орындайтын ҚР Орталық сайлау комиссиясы; референдумның аумақтық комиссияларының функцияларын орындайтын ҚР аумақтық сайлау комиссиялары; референдумның учаскелік комиссияларының функцияларын орындайтын учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Қолданыстағы заңнама нормалары негізінде ҚР Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы №32/482 республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Атырау облысында 9 аумақтық, 261 учаскелік референдум комиссиялары, оларда барлығы 1968 комиссия мүшелері бар.

Өңірде 261 референдум учаскелері бар, олардың 11-і жабық учаскелер (ауруханалар, уақытша қамау орны, әскери бөлімше).

Облыста 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдаймен республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 396 258 азамат тіркелген.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде жасайды.

Тұрғылықты жері деп тұрақты тіркеу орны түсініледі. Уақытша тіркелген азаматтар тізімге өздері берген өтініш негізінде ғана енгізілуі мүмкін.

Аталған құқықты іске асыру үшін референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастыру ұсынылды.

Референдумның әрбір учаскесі бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, яғни 15 мамырға дейін акт бойынша референдум комиссиясына ұсынады.

Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған референдум учаскелері бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, яғни                  20 мамырдан бастап тиісті комиссиялар азаматтарға танысу үшін ұсынады.

Азаматтарға тиісті учаскелік комиссиялардың үй-жайларында тізімдермен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген өздері туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Үгіт референдум тағайындалғаннан кейін басталып, дауыс берілетін күннің алдындағы күні 00:00 сағатта, яғни 2022 жылғы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады (референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіттеу жүргізуге тыйым салынады).

Аумақтық референдум комиссияларының atyrau.gov.kz интернет-сайтында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар тізбесі жарияланған.

Референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан орындары, жұмыс уақыттары, референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттар 2022 жылдың 14 мамырына дейінгі мерзімде облыстық газеттерге және аумақтық референдум комиссияларының интернет-парақшаларында жарияланатын болады. 

Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етеді (дауыс беру күніне кемінде он күн қалғанда).

Референдумда дауыс беруді өткізу уақыты, орны, ұйымдастырылуы мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес айқындалады.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады.

 

 

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2012@mail.kz

Дата публикации
12 мая 2022
Дата обновления
12 мая 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы