«Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы» ШЖҚ КМК теңгеріміндегі мүліктік кешенді сенімгерлік басқаруға беру және қосымша құрылыс салу (сатып алу құқығынсыз)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптестерді айқындау жөніндегі конкурстарды өткізу туралы хабарлама
Мемлекеттің қатысу нысандары: ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 27 бабының,1 тармағының, 2 тармақшасына сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" ММ.
Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
Конкурсты өткізу күні, орны және уақыты: 2021 жылғы 1 қазанда, сағат 10-00 де , Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77 .
Жобаның мақсаты: Атырау қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімді жүйесін құру, дәрігерлік амбулатория ғимаратының жобалық қуатын жеңілдету
Жекеше әріптесті айқындау тәсілі: ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі
Жобаны іске асырудың басталу мерзімі: 2021 жыл.
МЖӘ шартының жалпы мерзімі – 20 жыл.
Жобаның құны: 125 645 516 тг.
МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:
Бұл жоба Атырау қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімді жүйесін құру мақсатында мемлекеттік және жекеше әріптес арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздейді.
Жоба аясында дәрігерлік амбулаторияны жекеше әріптеске сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда, ал жекеше әріптес келесілерді орындауға:
шартта белгіленген мерзімде МЖӘ объектісін жаңғыртуға, жаңғырту аяқталғаннан кейін белгіленген тәртіппен пайдалануға беруді қамтамасыз етуге, МЖӘ объектісінің бейінін сақтауға, медициналық жабдықтарды, бұйымдарды, жиһаздарды, мүкәммалды, заттарды орнату және монтаждауды жүзеге асыруға.
шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, оны мерзімінен бұрын бұзу және шартта көзделген өзге де жағдайларда МЖӘ объектісін табиғи тозуын ескере отырып, белгіленген тәртіппен жарамды техникалық жай-күйінде және барлық қажетті құжаттаманы мемлекеттік әріптеске өткізуге.
Байланыстағы тұлға:
"Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" ММ бас маманы С.Х.Хайруллин
тел.: 8 (7122) 27-09-32, 8 705 404 33 92