Әлеуметтік-еңбек қатынастарын шешу және реттеу жөнінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істейді.
2021 жылдың 15 маусымына әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның 24 өңірлік, оның ішінде 7 облыстық комиссияның отырысы өтті, онда 16 өзекті мәселелер қаралды, 35 ұйым тыңдалды.
Атап айтқанда, жұмыс көлемі азаюына байланысты қысқарту болжанған мекемелер мен қысқартылған адамдарды жұмыспен қамту мәселесі және Облыстағы еңбек қатынастарының жағдайы (әлеуметтік шиеленіс картасы, жалақыдан берешектер, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалар, шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдардың көші-қон және еңбек заңнамаларының сақталуы) туралы 14 ұйымның («КМГ Нейборс Дриллинг Компани» ЖШС, «Болат жол» ЖШС, «Мұнай Көлік» ЖШС, «Казтехмунайсервис »ЖШС, «КазмунайгазБурение» ЖШС, «Атырау Билдинг» ЖШС, «ГАТЕ Иншат» филиалы, «Казпромставба» ЖШС, «Фиркрофт Инжиниринг» ЖШС, «Ембімұнайавтоматика» ЖШС, «Атырау қаласы әкімі аппаратының іс басқармасы» ҚММ, «Жылу Электро Орталығы» АҚ, «ММ-19» пәтер иелерінің кооперативі, «Атырау Лифт» ЖШС) басшылары, кәсіподақтар бірлестігінің атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылға жоспарлары мен міндеттері туралы, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею жобасы–Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасынан қызметкерлердің 2021-2023 жылдары жұмыстан босатылуы туралы, Атырау облысы әкімдігі, «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Облыстық келісімге қол қою, Атырау қаласы мен аудандық комиссия отырыстарының өткізілу және «Еңбек жолы», Республикалық «Парыз» конкурстарының ұйымдастырылу барысы туралы және апта сайын қажеттілігіне қарай еңбек ұжымдары арасындағы еңбек дауларын болдырмау жөнінде (жалақы бойынша берешек, жалақы мөлшерін көтеру, жұмыстан босау) 21 ұйымның («Атыраунефтемаш» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «China National Chimical Enginiring CO, ЛТД» филиалы- 2 рет, «Gold Sanray» ЖШС, «Gruppo RF Kazakhstan» ЖШС, «Казтехмұнайсервис» ЖШС, «Қазмұнайгаз бурение» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Мұнай көлік» ЖШС-2 рет, «Optimal Veld Service» ЖШС, «Велесстрой» ЖШС, «Урпақ-А» ЖШС, «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан» ЖШС, «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» АҚ –ның Атырау филиалы, «International Safety Standart» ЖШС, «Мама и Малыш» ЖК, «ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығы» ШЖҚ КМК, «Альянс Би-Комерц» ЖШС, «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы ) басшылары тыңдалды.
Комиссияның шешімімен жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын бұзушылыққа жол бермеу шаралары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсартуды, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, қызметкерлердің жалақыдан берешектерін жою шарасын алу тапсырылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.