2021 жылғы 15 маусымда Атырау қаласында Атырау облысының аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі семинар-кеңес өтті. Кеңес облыстың барлық аудандарымен бейнеконференцбайланыс арқылы семинар-кеңес түрінде өткізілді.
Семинар-кеңес жұмысына аумақтық сайлау комиссияларының, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыруға тартылған жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, сайлау науқанының құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі, сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия жағдайында әкімдер сайлауын өткізу мәселелері қаралды.
Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасылды.