Меню

Страницы

Статья

Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы

2020 жылдың 29 маусымында ҚР Президенті Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына кол қойды.

Аталған кодекс 2021 жылдың 1 маусымынан бастап колданысқа енгізіледі. Сонымен қатар, сол күннен бастап қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының күштері жойылып, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодекстің бір қатар нормалары қолданысын тоқтатады. 

Айта кететін жайт, бұл Кодекс бұрын-соңды Қазақстанда болмаған мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін, сондай-ақ азаматтарға билік органдарының шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін жаңа кодекс.

Кодекстің талаптарына сәйкес, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу келесі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

  • Құқықтар басымдығының қағидаты - Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі;
  • Формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу - Әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында міндет жүктеуіне тыйым салынады;
  • Сенім құқығын қорғау - Әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады. Әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теріс деп белгілемейінше, әкімшілік акті, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) заңды және негізді деп есептеледі;
  • Соттың белсенді рөлі - Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады.  Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Қабылданған жаңа кодекс мемлекеттік органдардың дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге ғана емес, сонымен қатар  мемлекеттік деңгейде басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде азаматтық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді, ал әкімшілік сот төрелігі тетіктері азаматтардың жоғары сеніміне ие болады деген ойдамын.  

 

 

Атырау облысы әкімі аппараты

Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің

бас инспекторы А.Х. Даулетова  

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
19 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы