Меню

Страницы

Статья

Баспасөз хабарламасы 09.01.2021 ж.

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының баспасөз релизі

9 қаңтар 2021 жыл                                                                                                                             Атырау қ.

Атырау облысында 265 учаскелік сайлау комиссиялары, оларда барлығы 1925 сайлау комиссиясының мүшелері бар.

Өңірде 265 сайлау учаскелері, олардың 11-і жабық учаскелер Атырау қаласында құрылған (ауруханалар, уақытша ұстау орны, әскери бөлімше).

2021 жылғы 9 қаңтардағы жағдаймен облыста 411 109 сайлаушы тіркелген. Сайлаушылар тізіміне енгізілу туралы ақпаратты Call-орталықтан, atyrau.gov.kz сайтының «сайлау» бөлімінен, SailauAtyrauBot телеграмм қосымшасынан немесе учаскелік сайлау комиссияларынан алуға болады. Сайлау комиссияларының орналасқан орындары, шекаралары мен телефон, Call-орталық номерлері atyrau.gov.kz сайтында орналастырылған.

Учаскелік сайлау комиссияларымен сайлаушылардың назарына дауыс берудің орны мен уақыты туралы ақпараттар жеткізілді.

Сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде 2021 жылғы 9 қаңтар, сағат 18.00-ге дейін тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, есептен шығару куәлігін ала алады.

Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясына 2021 жылғы 10 қаңтар, сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш бере алады. Бұл жағдайда, сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс беру ұйымдастырылады.        

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі алгоритмін» бекітті.

Сайлау поцесіне қатысушылар аталған Қаулының нормаларын ұстануы тиіс.

Осы құжатқа сәйкес, сайлау комиссиялары мүшелерін, сенім білдірілген адамдарды, байқаушыларды ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу 5 - 8 қаңтар аралығында 23 медициналық мекемеде, оның ішінде Атырау қаласында - 16, аудандарда – 7 мекемеде ПТР тестілеу жүргізілді. Толығырақ ақпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында көрсетілген.

Алдағы сайлау науқанында Атырау облысында 9 мәслихаттың 141 депутаты сайланады. Олардың ішінде: облыстық мәслихаттың 31 депутаты, Атырау қалалық мәслихатының 24 депутаты, аудандардың 7 мәслихатының 86 депутаты бар.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезеңі 2020 жылғы 10 қарашадан басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталды. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталды.

Мәслихаттар депутаттығына тіркелген 5 партияның партиялық тізімдерінің ішінде 333 кандидаттар бар:

«Nur Otan» партиясының  9 тізімінде - 249 кандидат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 5 тізімінде – 18 кандидат;

«Ақ Жол» демократиялық партиясының  9 тізімінде - 38 кандидат;

«ADAL» саяси партиясының 9 тізімінде - 19 кандидат;

Қазақстан халық партиясының 3 тізімде – 9 кандидат бар.

Облыстық мәслихатқа ұсынылған 4 саяси партия тізімдерінің ішінде 62 кандидат;

Атырау қаласы мәслихатына ұсынылған 4 саяси партия тізімдерінің ішінде 48 кандидат;

Аудандық мәслихаттарға ұсынылған 27 саяси партиялар тізімдерінің                                     ішінде 223 кандидаттар бар.

Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталды және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен нөл сағатта аяқталды, 9 қаңтар тыныштық күні.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру 2021 жылдың 10 қаңтар күні сағат 07.00-20.00 аралығында жүргізіледі.

Дауыс беру күні сайлаушылардың дауыс беруге қатысы туралы ақпараттар әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК-ның election.gov.kz сайтында жарияланып отырады.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындыларын тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.

Дауыс берудің қорытындылары туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының сайттарында, БАҚ-да және пресс-конференциялар кезінде жарияланады.

Мәслихаттардың сайланған депутаттарын тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2012@mail.kz

Дата публикации
08 января 2021
Дата обновления
09 января 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы