Меню

Страницы

Статья

Облыстың қаржы нарығының 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдайы

 

                 ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

                             № 11 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

                             2020 жылғы 11 желтоқсан

 

 

 

Облыстың қаржы нарығының

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдайы

ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының мемлекеттік қызметі. Тұтынушылар «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz  веб-порталы арқылы алуға болады. 2020 жылғы қаңтар-қазанда 9 лицензия қайта рәсімделді.

Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы қазанда 2020 жылғы қыркүйекке тұтыну бағаларының индексі 100,7%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына 101,0% деңгейінде қалыптасты, азық-түлік емес тауарларға - 100,6% және ақылы қызметтерге - 100,3%.

2020 жылғы қазанда 2019 жылғы қазанға тұтыну бағаларының индексі 107,1% құрады.

Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 19* филиалы, 55 жеке үй-жайы, 73 айырбастау пункті жұмыс істеді.

Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар- қазанда облыстың екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) филиалдарымен 292,6 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар- қазанға қарағанда 18,8%-ға немесе 67,6 млрд. теңгеге аз.

Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 25,3%-ға 118,6 млрд. теңгеге дейін азайды, жеке тұлғаларға -13,6% ға 174,0 млрд. теңгеге дейін.

Ұлттық валютамен берілген несиелер 13,9%-ға 284,6 млрд. теңгеге дейін азайды, шетел валютасымен – 72,8 % ға, 8,0 млрд. теңгеге дейін.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар- қазанда 23,7 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазандағы көрсеткіштен 38,8%-ға төмен.

2020 жылғы қаңтар-қазанда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 133,6 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар- қазандағы көрсеткіштен 21,6%-ға төмен. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 45,7%-ды құрайды.

2020 жылғы қаңтар- қазанда халыққа берілген ипотекалық несиелер 22,6 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 26,9 % -ға жоғары.

2020 жылғы 1 қарашаға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 487,8 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда 9,6% -ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 карашада облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда

* Соның ішінде «Астана Банкі» АҚ филиалы таратылу сатысында

16,9%-ға көбейді және 319,3 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 168,5 млрд. теңгені құрап, 2,0%-ға төменді.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 65,1 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда 26,9 % -ға өсті.

Ағымдағы жылғы 1 қарашаға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,7 %-ға төменді және 43,7 млрд. теңгені құрады.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 жылғы 1 қарашаға 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда 14,2%-ға өсті және 34,8 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 66,1% құрады, жеке тұлғалардікі -33,9%.

Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы қазанда ЕДБ филиалдарымен барлығы 596,5 млрд. теңгеге салымдар тартылды. Осы ретте жеке тұлғалардан 32,7 млрд. теңге (2020 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 2,4%-ға төмен) депозит тартылды, заңды тұлғалардан – 563,8 млрд.теңге (5,3%- ға өскен).

2020 жылғы 1 қарашаға ЕДБ филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда 24,5%-ға көбейді және 410,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 5,0%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі – 67,3%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 57,9% (238,1 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 42,1% (172,8 млрд.теңге).

2020 жылғы 1 қарашаға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 49,7% немесе 204,1 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен – 50,3% немесе 206,8 млрд. теңге.

1 қарашаға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,0% құрады, шетел валютасында - 0,8%.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 99 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 73 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 11 – уәкілетті ұйымдардікі.

2020 жылғы қаңтар-қазанда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 80,8 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 4,6%-ға төмен. Сонымен қатар 2,6 млн. еуро (64,9%-ға азайды), 710,9 млн. ресей рублі (42,3%-ға азайды) сатып алынды.

Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-қазанда халыққа 211,1 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 45,6%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 8,5 млн. еуро (89,3%-ға азайды), 2 038,9 млн. ресей рублі (72,5%-ға азайды) сатылды.

2020 жылғы қазанда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 429,5 және 432,14 теңге, 1 еуро үшін 504,2 және 507,8теңге, 1 ресей рублі үшін 5,52 және 5,60 теңгені құрады.

Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-қазанда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 13 790,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 9,9%-ға көп.

Осы ретте он ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 1 905,3 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 36,1%-ға артық.

2020 жылғы 1 қарашада клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 19,4%-ға азайды және 190,2 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 17,7%-ға 34,6 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 24,7%-ға азайды және 155,6 млрд. теңгені құрады.

Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 қарашаға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 880 мың бірлікті құрады (2019 ж. 1 қарашаға – 1 563,2 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны - 1 517 мың адам (өткен жылғы 1 қарашаға – 1 379,6 мың адам). Облыста 648 банкомат, 5 744 POS-терминал жұмыс жасайды.

2020 жылғы қаңтар-қазанда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 1 080,9 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,2 есеге жоғары) 85 918,3 мың транзакция (өсім 5 есеге) жасалды.

2020 жылғы қаңтар-қазанда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 583,1 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,6%-ға төмен) 10 406,3 мың транзакция (20%-ға төмен) жасалды.

Дата публикации
20 декабря 2020
Дата обновления
20 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы