Меню

Страницы

Статья

Қаулы 17.12.2020 (1)

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған

Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында

сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу

РЕГЛАМЕНТІ

1. Осы Регламент 2021 жылғы 10 қаңтарға Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу тәртібін айқындайды.

2. Сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар 2020 жылғы 25 желтоқсанда Атырау қаласында «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалында тікелей эфирде өткізілетін болады.

3. «Қазақстан» «РТРК АҚ Атырау облыстық филиалы пікірсайыстарды өткізу үшін эфир уақытын резервтейді. Қатысушылардың сөз сөйлеуіне арналған эфир уақытының көлемі бірдей болуға тиіс. Эфир уақытының жалпы ұзақтығы 60 минуттан кем емес.

4. Қатысушы(лар) сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарға қатыспаған жағдайда сол қатысушыға арналған эфир уақыты басқа қатысушылардың арасында тең бөлінеді. Бұл ретте телевизиялық пікірсайыстар барысында қатысушы өзіне арналған уақытты пайдаланудан бас тартқан жағдайда эфир уақыты қайта бөлінбейді.

5. Сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды жүргізу тілі: қазақ және/немесе орыс.

6. Бірінші раундтың бірінші турында сөз сөйлеу кезектілігі алдын-ала белгіленген жеребеге сәйкес белгіленеді. Келесі турда әрбір қатысушы алдыңғы тәртіпке сай ретпен сөз сөйлейді.

7. Қатысушылар телепікірсайыстарды өткізу регламентін сақтауға, басқа қатысушылардың атына кемсітетін айыптаулардан, әдейі жалған ақпарат айтудан, абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтудан аулақ болуға, пікірсайыстарды әдеп нормалары шеңберінде жүргізуге тиіс.

8. Жүргізушілер Орталық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу регламентін сақтауды қамтамасыз етеді, қатысушылардың сөз сөйлеу уақытын бақылайды, олардың қайсыбіріне артықшылық бермейді және олардың сөз сөйлеулеріне түсініктеме жасамайды. Телевизиялық сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысушыларды таныстырғаннан кейін жүргізушілер оларды тақырыптармен және өткізу тәртібімен таныстырады.

9. Сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік,

нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді.

10. Сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар уақытында қатысушыларға, сондай-ақ отырған адамдарға қатысушылардың сөздерін бөлуге, сондай-ақ оларға іле-шала қандай да бір түсініктемелер жасауға жол берілмейді.

11. Пікірсайыстар 3 раундқа бөлінген.

12. Бірінші раунд. Бірінші раундтың тақырыбы «Атырау облысының экономикалық дамуы».

Бірінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді. Сөз сөйлеу уақыты – әрбір қатысушы үшін 1 минут 30 секундтан.

Бірінші раундтың екінші турында пікірсайыстарға қатысушылар берілген тақырып бойынша сұрақтармен және жауаптармен алмасады.

Әрбір қатысушы тек екі сұрақ қойып, тек екі сұраққа жауап бере алады (сұрақ 20 секунд, жауап 1 минут 30 секунд).

13. Екінші раунд. Екінші раундтың тақырыбы: «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты».

Екінші раундта пікірсайыстарға қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді. Сөз сөйлеу уақыты – әрбір қатысушы үшін 1 минут 30 секундтан.

14. Үшінші раунд. Үшінші раундта пікірсайыстарға қатысушылар сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді (әр қатысушы үшін 1 минут 30 секундтан).

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының

2020 жылғы 17 желтоқсандағы

____ қаулысына 2-қосымша

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың тізімі

Байжанов Нуртас Жарылгасинович - «Атырау облысы фермерлер одағы» төрағасының орынбасары, Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат («ADAL» партиясы);

Дәулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы - Қазақстан халық партиясы облыстық филиалы төрағасы, Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат;

Қадыров Серік Нұрбайұлы - «Атырау қаласы жастар ресурстық орталығы» КМК директоры, Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат («Nur Otan» партиясы);

Қайрденов Нұрлан Саматұлы - «АманКапитал» ЖШС-нің директоры, Исатай аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат («Ак жол»ҚДП);

Қоныс Қайрат Қонысұлы - «КалауЭлектроСервис» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат («Ауыл» ХДПП).

Дата публикации
20 декабря 2020
Дата обновления
20 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы