Меню

Страницы

Статья

Қаулы 17 .12.2020

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 қаулысына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2020 жылғы 25 желтоқсанға тағайындалған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстары «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы эфирінде өткізілсін.

2. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес келісілсін.

3. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың тізімі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу бойынша шарт жасалсын.

5. Осы қаулы Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың назарына жеткізілсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі К.Б.Нұржігітоваға жүктелсін.

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрағасы А. Айманакумов

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының

хатшысы А. Аманжулова

Дата публикации
20 декабря 2020
Дата обновления
20 декабря 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы