Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық хабарлама 30.11.2020

2020 жылғы 30 қарашада Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103 және 104-бабтарына сәйкес, «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы Атырау облыстық филиалынан облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

1. Саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2. Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;

3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;

4. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;

6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;

7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;

8. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

9. Саяси партияның жергілікті атқарушы органның шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

10. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Атырау облыстық мәслихатына депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

Атырау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылғы 10 қараша – 4 желтоқсан аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.

Дата публикации
01 декабря 2020
Дата обновления
01 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
16 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы