«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14-бабына, 20-бабы 12 тармағына, 104-бабы 1 тармағына сәйкес және Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 26 қарашадағы «Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы партиялық тізімін тіркеу туралы» хаттамасы негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Идрисов Саламат Нурмухановичтің сайлау комиссиясының мүшесi ретiндегі міндетін орындау оның облыстық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан С.Н.Идрисовтың орнына жаңа сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау сұратылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына және Атырау облыстық мәслихатына жолдансын.
Атырау облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы А. Айманакумов
Атырау облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының
хатшысы А. Аманжолова