2020 жылғы 21 қарашада Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103 және 104-бабтарына сәйкес, «Nur Otan» саяси партиясы Атырау облыстық филиалынан облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:
1. Саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2. Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
4. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;
8. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
9. Саяси партияның жергілікті атқарушы органның шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
10. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Атырау облыстық мәслихатына депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.
Атырау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылғы 10 қараша – 4 желтоқсан аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.