Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық хабарлама 13.11.2020

2020 жылғы 13 қарашада Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және облыстық мүгедектер, саңыраулар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы және «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғамның саяси және қоғамдық өміріне қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық қатысуы бөлігіндегі негізгі қағидаттары, мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Ортсайлауком жүргізген жұмыс, мүгедектігі бар адамдардың саяси қатысуы саласындағы ЕҚЫҰ стандарттары, Қазақстан Республикасы Парламентінің инклюзивтілігі мен қолжетімділігі бойынша базалық зерттеу нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттің, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың осы бағыттағы бірлескен жұмысы туралы қалың жұртшылықты хабардар ету болып табылады.

Өңірде облыстық әкімдікпен бірлескен «ҚР ОСК-ның 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №24/217 «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қаулысын іске асырудың іс-шаралар жоспары» қабылданды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау процесіне қатысуын ақпараттандыру және ұйымдастыру мақсатында Атырау облысы бойынша мүгедектердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер кестесі бекітілген.

Дата публикации
18 ноября 2020
Дата обновления
18 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы