ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы
№ 10 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2020 жылғы 05 қараша
Облыстың қаржы нарығының
2020 жылғы 1 қазанға жағдайы
ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының мемлекеттік қызметі. Тұтынушылар «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы алуға болады. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9 лицензия қайта рәсімделді.
Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы қыркүйекте 2020 жылғы тамызға тұтыну бағаларының индексі 100,2%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына 100,2% деңгейінде қалыптасты, азық-түлік емес тауарларға - 100,3% және ақылы қызметтерге - 100,1%.
2020 жылғы қыркүйекте 2019 жылғы қыркүйекке тұтыну бағаларының индексі 107,2% құрады.
Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 19* филиалы, 56 жеке үй-жайы, 74 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар- қыркүйекте облыстың екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) филиалдарымен 263,0 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар- қыркүйекке қарағанда 18,8%-ға немесе 61,0 млрд. теңгеге аз.
Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 24,3%-ға 110,4 млрд. теңгеге дейін азайды, жеке тұлғаларға -14,4% ға 152,6 млрд. теңгеге дейін.
Ұлттық валютамен берілген несиелер 13,4%-ға 255,1 млрд. теңгеге дейін азайды, шетел валютасымен - 73,1 % ға, 7,9 млрд. теңгеге дейін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар- қыркүйекте 21,3 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 39,9%-ға төмен.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте азаматтарға тұтыну мақсаттарға 118,0 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар- қыркүйектегі көрсеткіштен 22,3%-ға төмен. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 44,9%-ды құрайды.
2020 жылғы қаңтар- қыркүйекте халыққа берілген ипотекалық несиелер 19,4 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 25,4 % -ға жоғары.
2020 жылғы 1 қазанға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 488,6 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда 10,2% -ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 казанда облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
_____________________________
* Соның ішінде «Астана Банкі» АҚ филиалы таратылу сатысында
18,4%-ға көбейді және 316,9 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 171,7 млрд. теңгені құрап, 2,3%-ға төменді.
2020 жылғы 1 казандағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 63,3 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда 26,0 % -ға өсті.
Ағымдағы жылғы 1 қазанға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,5 %-ға төменді және 43,3 млрд. теңгені құрады.
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 жылғы 1 қыркүйекке 2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда 10,6%-ға өсті және 33,5 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 63,9% құрады, жеке тұлғалардікі -36,1%.
Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы қыркүйекте ЕДБ филиалдарымен барлығы 568,8 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы тамызға қарағанда 5,9 есе көп. Осы ретте жеке тұлғалардан 33,5 млрд. теңге (2020 жылғы тамызбен салыстырғанда 43,6%-ға өсті) депозит тартылды, заңды тұлғалардан - 535,3 млрд.теңге (7,4 есеге өскен).
2020 жылғы 1 қазанға ЕДБ филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда 31,1%-ға көбейді және 413,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 7,8%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі - 85,6%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 57,6% (238,0 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 42,4% (175,5 млрд.теңге).
2020 жылғы 1 қазанға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 50,3% немесе 207,9 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен - 49,7% немесе 205,6 млрд. теңге.
1 тамызға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,1% құрады, шетел валютасында - 0,8%.
Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 100 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 74 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 11 – уәкілетті ұйымдардікі.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 69,1 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 8,4%-ға төмен. Сонымен қатар 2,3 млн. еуро (68,2%-ға азайды), 613,5 млн. ресей рублі (46,3%-ға азайды) сатып алынды.
Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте халыққа 189,3 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 45,0%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 7,4 млн. еуро (90,4%-ға азайды), 1 767,1 млн. ресей рублі (74,2%-ға азайды) сатылды.
2020 жылғы қыркүйекте сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 424,43 және 427,15 теңге, 1 еуро үшін 500,22 және 504,39 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,53 және 5,62 теңгені құрады.
Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына
түскен қаражаттар көлемі 12 452,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,8%-ға көп.
Осы ретте тоғыз ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 1 667,2 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейден 35,8%-ға артық.
2020 жылғы 1 қазанда клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,0%-ға азайды және 209,3 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 19,6%-ға 35,1 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 20,7%-ға азайды және 174,2 млрд. теңгені құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 қазанға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 834,0 мың бірлікті құрады (2019 ж. 1 қазанға – 1537,3 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны - 1 510,0 мың адам (өткен жылғы 1 қазанға – 1 335,0 мың адам). Облыста 648 банкомат, 5 744 POS-терминал жұмыс жасайды.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 936,0 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4,8 есеге жоғары) 73 565,0 мың транзакция (өсім 5,7 есеге) жасалды.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 523,2 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,1%-ға төмен) 9 434,4 мың транзакция (18,6%-ға төмен) жасалды.