Меню

Страницы

Статья

Баспасөз релиз 10.11.2020

Партиялық тізімге енгізілген мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың Конституция мен Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру туралы  Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының

баспасөз релизі

10 қараша 2020 жыл Атырау қ.

Кезекті сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарын ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-де аяқталады.

Осыған байланысты, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 10 қарашада саяси партиялар филиалдары және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен «Облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну және заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру тәртібі туралы» семинар-кеңес өткізді.

Атырау облысында 6 саяси партиялардың филиалдары тіркелген («Ақ Жол», «Ауыл», «Бірлік», «ЖСДП» «ҚКХП», «Nur Otan»).

Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі мәслихат депутаты етіп сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы – яғни конференция мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі.

Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын адамдарды енгізуге құқығы жоқ.

Сондай-ақ, жаңа нормаға сәйкес саяси партия мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіту кезінде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайыз мөлшері әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды қамтуы тиіс.

Ағымдағы жылғы 21 қазанда Ортсайлауком қаулысымен партиялық тізім нысаны белгіленді. Тізім нысаны электрондық және қағаз түрінде ұсынылады.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы (облыстық, қалалық, аудандық) партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың Конституция мен Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

Осыған байланысты көзделген құжаттар келіп түскеннен кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді:

1) Полиция департаментіне – азаматтығын растау бөлігінде;

2) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің департаментіне - партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың бас бостандығынан айыру орнында болуын; заңда

белгіленген тәртіппен жойылмаған және алынбаған соттылығының болуын; соттың заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық, қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін мойындауын; сотпен қабілетсіз деп тану бөлігінде ұсынады.

3) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органда саяси партияның тіркелгенін растау, саяси партия филиалының (өкілдігінің) тиісті мәслихаттар депутаттарының сайлауында партиялық тізімдерді ұсыну өкілеттігін белгілеу бөлігінде Әділет департаментіне беріледі.

Мәслихаттарға партиялық тізімдерді тіркеу 2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталады.

Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне - яғни 2020 жылғы 1 қарашаға кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырады.

Осыған байланысты, аумақтық сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша мәслихаттар депутаттығына ұсынылған кандидаттарды тіркегеннен бастап тиісті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің тиісті аумақтық органдарына дереу сұраулар жібереді.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары партиялық тізімдерді тіркегеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz  tic_atr_obl@saylau.kz,aotik2012@mail.kz

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы