Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 10 қарашада саяси партиялар филиалдары және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен «Облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру тәртібі туралы» семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері бейнеконференбайланыс режимінде қатысты.
Семинар-кеңес өткізу барысында мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру тәртібі түсіндіріліп, саяси партиялар өкілдерінің сұрақтарына жауаптар берілді.