2020 жылғы 4 қарашада Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы бейнеконференцбайланыс режимінде "Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу" жүйесінде (бұдан әрі - ҚТО) жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында ҚТО-дан кезеңдік кестелерге сәйкес өтудің, пайдаланушыларды тіркеу, авторизациялау және есептік жазбаларды модерациялау рәсімдері талқыланды. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне ҚТО мазмұнының және техникалық сүйемелдеудің ерекшеліктері туралы түсініктемелер берілді.