Меню

Страницы

Статья

Тарихи-мәдени ескерткіштер

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Мекеме 1992 жылдың 5 мамырында облыс әкімінің №116 шешімімен облыстық ескерткіштерді қорғау инспекциясы болып құрылып, 1999 жылы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып ауыстырылды.

Кәсіпорынның негізгі қызметі өлкеміздегі тарихи-мәдени мұраны анықтау, есепке алу, қорғау, сақтау және зерттеу мен насихаттау. Сондай-ақ, ескерткіштерді пайдаланудың жай-күйі мен оларды күтіп ұстау тәртібіне, ескерткіштерді жөндеп, қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік бақылауды, оларды сақтау мен пайдалану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Тарихи-мәдени мұраларға -  халықтың тарихи өткен кезімен, қоғамдық және мемлекеттік дамуымен байланысты археологиялық нысандардың ғимараттары мен заттардың барлық түрі, сирек кездесетін геологиялық, физиологиялық құрлымдар болып табылатын тарихи-мәдени ланшафтар, табиғаттың бірегей нысандары, тарихи-ғылыми және көркемдік жағынан құнды материалдық және рухани мәдениет туындылары жатады.

Кәсіпорын қызмет барысында 1992 ж. 2 шілдесінде жарық көрген № 1488-ХІІ "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" және 1993 ж. 28 қазанында шыққан № 2493-ХІІ "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөнінде" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қабылдаған "Мәдени мұра" 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Атырау өңіріндегі ата-бабадан қалған мұраларды  жаңадан зерттеп, зерделеп, ғылымға қосып, жинақтап шығару жұмыстарымен айналысуда.

2006 жылы Атырау облыстық әкімиятының қаулысымен «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі» мемлекеттік инспекциясы болып қайта құрылды.

Тарихи-мәдени ескерткіштер

Дата публикации
02 ноября 2020
Дата обновления
02 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы